Бакуде Түркі кеңесі елдері СІМ-нің басшылары кездесті

Әзірбайжан астанасы Бакуде Түркітілдес елдер ынтымақтастығы Кеңесіне мүше елдердің (Түркі кеңесі) сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс жиыны басталды.

Алматы, NEGE. Алқалы отырысқа Қазақстанның сыртқы істер министрі – Мұхтар Тілеуберді, Түркия сыртқы істер министрі – Мевлүт Чавушоғлы, Әзірбайжан сыртқы істер министрі – Эльмар Мамедъяров, Қырғызстан сыртқы істер министрі – Шыңғыс Айдарбеков, Өзбекстан сыртқы істер министрі – Абдуләзиз Камилов және Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әмреев қатысуда.

Жиын Түркі кеңесі елдерінің қызметі мен ынытмақтастығын одан әрі кеңейту мақсатында өткізілуде.

Түркітілдес мемлекеттердің басын біріктіретін халықаралық ұйым 2009 жылдың 3 қазанында Нахичеваньда құрылған. Түркі кеңесі түркі елдері арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен байланысты дамытуды көздейді. Әзірге кеңеске 5 түркітілдес мемлекет мүше. Мажарстан осы ұйымда бақылаушы мәртебесіне ие.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады