Бакуде метро қатынасы уақытша тоқтатылды

Әзербайжанда 16 қала мен ауданда тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Ел астанасы Бакудің өзінде шілденің жиырмасына дейін метро станциялары қызмет көрсетпейді.

Алматы, NEGE. Ал жексенбі күндері қоғамдық көлік қатынамайды. Бұған қоса, әр тұрғын сыртқа шығу үшін алдымен СМС-хабарлама арқылы рұқсат алуы тиіс. Айта кетейік, қазір бұл елде коронавирус өршіп тұр. Күн сайын ел бойынша 500 науқас тіркеледі. Ауруханалардың жүктемесі күннен-күнге артып барады. Сондықтан ауруы жеңіл өтіп жатқан науқастар үй жағдайында емделуде. 

Қатаң шара қолдану – мәжбүрлі қадам. Себебі карантин режимі жеңілдетілгеннен кейін елде вирус жұқтыру дерегі күрт өсіп кетті. Енді бұл көрсеткішті мейлінші төмендету қажет. Ол үшін әрбір тұрғын карантин режимінің талаптарын орындауы тиіс.  

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды