Баку Ереванға сегіз армян сарбазын қайтарды

Баку Ереванға 2021 жылдың қараша айында әзербайжан-армян шекарасында ұсталған сегіз армян сарбазын қайтарды, деп хабарлайды Әзербайжанның әскери тұтқындар, хабар-ошарсыз кеткен азаматтар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы.

Алматы. NEGE. "Гуманизм қағидасын негізге ала отырып, 2022 жылдың 7 ақпанында Әзербайжан Республикасы Арменияға сегіз әскери қызметкерін жіберді", – деп жазылған хабарламада.

Бұл әскерилерді Әзербайжан тарапы 2021 жылғы 16 қарашада Армениямен арадағы шекарада қолға түсірген еді.

Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс 2020 жылдың 27 қыркүйегінде басталған-ды. 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев аймақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, қос тарап бітімге келген болатын.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр