Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды
Бақытжан
Сағынтаев Еуразиялық Экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі болып тағайындалды. Бұл туралы ЕЭК сайты хабарлады.
Алматы, NEGE. Тағайындау Еуразиялық Экономикалық кеңестің 23 мамырдағы №3 «Еуразиялық Экономикалық комиссияның алқасының мүшесін тағайындау туралы» шешімінде көрсетілген.
Еске салсақ, осы жылғы 31 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.