«Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларына өзгерістер енгізілді

«Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» тұрғын үй бағдарламаларында табыс шегі ұлғайтылды.

Алматы, NEGE. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ай сайынғы кіріс шегі өзгертілді, деп хабарлады krisha.kz.

Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша әрбір отбасы мүшесінің ай сайынғы табысы соңғы алты айда 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (106 336 теңге, 2021 жылы 1 күнкөріс минимумы – 34 302 теңге). Бұрын 2 күнкөріс деңгейінен аспайтын.

«Шаңырақ» және «Әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату» бағыттары бойынша айына 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы қажет немесе 126 917,4 теңге (бұрын 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын).

Сонымен қатар «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтандағы «Елорда құрылыс компаниясы» және Алматыдағы «Күрделі құрылыс кәсіпорны» уәкілетті ұйымдары салған тұрғын үй немесе проблемалық тұрғын үй кешендеріндегі үлесті сатып алуға болады.

Қазір оқып жатыр

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді