Бақытгүл Хаменованың үкімі өзгеріссіз қалды

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты соттың бұрынғы үкімі өзгеріссіз қалды. Сот үкімімен экс-шенеунік 7 жылға сотталған болатын.

Алматы, NEGE. Аппеляциялық сот бұған дейінгі сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. 

«Іс апелляцияда сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығаруды сұраған сотталғандардың және олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымдары бойынша қаралды. Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімін өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіздер болмағандықтан өзгеріссіз қалдырылды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.