Бақытгүл Хаменоваға үкім шықты

Атырау қалалық №2 сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменововаға үкім шықты.

Алматы, NEGE.  Бақытгүл Хаменова "пара алғаны үшін кінәлі" деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ баласы болуына байланысты жазасын өтеу 3 жылға кейінге қалдырылды.

31 қазан күні прокурор Лаура Асанова Атыраудың №2 сотында Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.