22 июля 2022 г. 15:40

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 3 тамызда өтеді

Фото:

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды.

Алматы, NEGE. Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істі қарау 2022 жылғы 3 тамызда жергілікті уақытпен сағат 9:30-ға белгіленді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында өтеді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесінің 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен.

Осыған байланысты басты сот отырысын 2022 жылғы 14 маусымда сағат 14:45-те өткізу белгіленген еді. Алайда, Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді. Бұған судьяның өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуі себеп болды.

Тегтер: