Бақытбек Сыдықов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

gov.kz

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Бақытбек Сыдықов 1969 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген.

– 1991 жылы Владикавказ жоғары жалпы әскери командалық училищесін;

– 1999 жылы Бронды әскерлердің әскери академиясын;

– 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери және мемлекеттік басқару факультетін тәмамдаған.

Әскери шені: генерал-майор (2023).
Қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.

Мансап

1987 – 1990 жж. – Орджоникидзевск жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты.

1990 - 1991 жж. – Владикавказ жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты.

1991 - 1993 жж. – 11507 ә/б мотоатқыштар взводының командирі.

1993 - 1993 жж. – 30217 ә/б күзет және қызмет көрсету батальоны күзет взводының командирі.

1993 - 1996 жж. – 32355 ә/б қару-жарақ басқармасы бронды танк қызметі бастығының аға көмекшісі.

1996 - 1996 жж. – 01287 ә/б техникалық бөлімнің броньды танк қызметінің бастығы.

1996 - 1999 жж. – Бронды әскерлер әскери академиясының тыңдаушысы

1999 - 2001 жж. – бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары – 07792 ә/б техникалық бөлімінің бастығы.

2001 - 2003 жылдары – ҚР ҚК БШ Қару-жарақ департаментінің аға офицері.

2003 - 2004 жылдары – ҚР ҚК Қару-жарақ бас басқармасының бөлім бастығы.

2004 - 2006 жж. – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының біріккен штабының аға офицері.

2006 - 2006 жылдары – ҚР ҚК Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану бас басқармасының бөлім бастығы.

2006 - 2007 жылдары – Бас басқарма бастығының орынбасары – ҚР ҚК Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану бас басқармасының штаб бастығы.

2007 - 2009 жылдары – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (қару-жарақ жөніндегі) орынбасары.

2009 - 2011 жж. – ҚР ҚК Қару-жарақ бас басқармасының бастығы

2011 - 2013 жж. – Ұлттық қорғаныс университеті ӘМБ факультетінің тыңдаушысы.

2013 - 2016 жылдары – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (қару-жарақ жөніндегі) орынбасары.

2016 - 2017 жж. – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының (материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі) орынбасары.

2017 - 2019 жылдары – ҚР ҚМ Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы.

2019 - 2021 жылдары – «Шығыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы қолбасшысының орынбасары.

2021 - 2022 жылдары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы – Тыл және қару-жарақ бастығының бірінші орынбасары.

2022 - 2023 жылдары – ҚР ҚК Қару-жарақ бастығы.

2023 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?