Бақыт Сұлтанов экспортқа бағытталған 100 компания дайындайтынын айтты

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 2025 жылға дейін жыл сайын экспортқа бағытталған 100 компания дайындалатынын мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Өкінішке қарай біздің елде тұрақты экспортерлардың саны тым аз. Жалпы компаниялардың 2 пайызы ғана (445 субъект) шетелге өнімін шығаруда. Әйтсе де осы экспортерлардың 81 пайызының шағын және орта бизнес өкілі екені қуантады. Олардың үлесі жыл санап артып келеді», – деді Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қазақстандық экспортер-компаниялардың көбі Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында шоғырланған.

Президент қыркүйек айындағы Жолдауында жаңа экспорттаушыларға қол көрсету қажеттілігіне баса назар аударған еді. Ол шикізаттық емес өндірушілер үшін экспортты жеделдету бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Сондықтан, Бақыт Сұлтанов Қазақстанның халықаралық серіктесі PricewaterhouseCoopers-пен бірге тың бағдарлама іске қосылғанын мәлім етті.

«Биыл біз мақсатты нарық ретінде Қытайды таңдадық. Қажеттіліктер тұрғысынан бұл ең күрделі, бірақ сонымен бірге мүмкіндіктер тұрғысынан орасан зор нарық. Акселераторға қатысу үшін ниет білдірген 500 компанияның ішінен Қытайға өнімін экспорттауға бағытталған 35 тамақ өнеркәсібі кәсіпорны таңдалды. Осы жылдың қараша айына дейін бұл компаниялар біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, қажетті экспорттық құзыреттіліктерге ие болады. Акселераторға қатысушы компанимялар өз өнімдерін Шанхайдағы 3-ші Халықаралық импорттық тауарлар мен қызметтер көрмесінде ұсынады», – дейді ол.

Бақыт Сұлтанов ендігі міндеті – 2025 жылға дейін тұрақты экспортер-компаниялардың санын 100-ге арттырып, олардың санын 1000-ға жеткізу көзделіп отырғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған