Бақыт Алпысбайқызы: Малдың шығынын азайту үшін тұрақты жем-шөп базасы қажет
Біреу білер, біреу білмес, елімізде Қазақ мал шаруашылығы жəне мал азығын өндіру ғылыми-зерттеу институты бар. Көктем кетіп, жаз жеткелі бірнеше облыстағы малшы-шаруалар тұяқты түлікке талғажау қылар шөп таппай, қуаңшылық болып жатыр. Мәселенің мән-жайын осы саланы талай жыл зерттеп жүрген ғалымдардан, институт мамандарынан сұрап білдік.