Бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысына қатысты пікір білдірді
Бақылаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков Алматыдағы сайлау учаскелерінде анықталған заң бұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Жалпы, ол сайлаудың әділ ұйымдастырылған түрде өтіп жатқанын атап өтті. Әзірге ірі бұзушылықтар анықталған жоқ.
"Бірақ кейбір сәттер болды. Алмалы ауданындағы 74-ші сайлау учаскесінде сенім білдірілген тұлғалардың бірі депутаттыққа кандидаттардың бірінің пайдасына жасырын үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. 203-ші сайлау учаскесінде де жанжал шыққан. Сайлаушылар бюллетеньге партиялардың бірі мен кандидаттардың бірін енгізуге қарсылық білдіре бастады», - деді Александр Братенков.