БАҚ өкілдері вакцина салдыруға міндетті

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин БАҚ өкілдеріне вакцина салу міндетті екенін хабарлады.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин халыққа қызмет көрсетуші мамандар түгел екпе алу керегін айтты.

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 2021 жылғы 1 шілдедегі №31 Қаулысында «байланыс және телекоммуникация саласында жұмыс істейтін мамандар да екпе салдыруға міндетті» деген тұсы бар. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осы өзгеріске қатысты түсініктеме берді.

Айтуынша, енді міндетті вакцинациялауға жататындар тізіміне БАҚ өкілдері де қосылған. 

«Мұның себебі – БАҚ өкілдері халықпен тығыз байланысты жұмыс істейді. Операторлар мен режиссерлер түсірілім алаңдарында еңбек етеді. Ол жабық кеңістік, декорация, көрермен ауысады, ал мамандар сол жерден шықтайды. Сондықтан осындай шешім қабылданды», – деді Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы. 

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады