«Байтақ» Мәжіліске бармақ

Бұл туралы партия төрағасы Азаматхан Әміртай ФБ парақшасында мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «... Сайлау  додасына елімізде  тіркелген   жеті  партия:  «Аманат», «Ақ жол», Қазақстан халық п-сы, Жалпыұлттық социал-демократиялық п-сы, «Ауыл», «Байтақ» және «Respublica» түспек.  Осы  орайда  біз  Байтақтықтар да  осы  аламан  бәсекеде  өз  бағымызды  сынап,   парламентке  өтуге  тырыспақпыз. Рас,  елімізде  экология  мәселесі  ақсап  жатыр. Жағдай  сын  көтермейді.  Сондықтан түйіні  мол  экология  мәселелерін  парламент  мінберіннен  көтермек  ойдамыз», – деп жазды ол.