Байлығы күмәнді шенеуніктер тексеріледі

Қазақстандағы байлығы күмәнді шенеуніктер қатаң тексеріледі.

Алматы, NEGE. Қазақстанда байлығы күмәнді шенеуніктерді тексеретін заң әзірленіп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов айтты..

"Биыл Президенттің тапсырмасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Оның ішінде революциялық жаңашылдықтың бірі - байып кеткені күдік келтіретіндерді тексеру. Заң жобасы Парламентке жіберілді. Шығыстардың кірістерден асып кетуі - қаржылық тексеруді немесе тергеуді бастау үшін белгі", - деді Ахметжанов агенттік брифингінде. 

Ол 2018 жылы Қазақстан қол қойған шоттар туралы ақпарат алмасу туралы халықаралық келісім шетелдегі активтерді анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Келесі қадам - сол активтерді қайтару. Биыл бізге жемқорлардың көлеңкелі кірістерін шетелдік шоттарға шығарумен күресу үшін тиімді негіз болатын еуропалық конвенцияларға қосылу көмектеседі. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметке баю мақсатында келудің алдын алады", - деді Ахметжанов. 

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды