Байларға дәулетті өмір сүруге болмайды
Қытайлық миллиардерге дәулетті өмір сүруге тыйым салынды , – деп хабарлайды South China Morning Post басылымы.
Алматы, NEGE. Дереккөз мәліметінше, сот HNA Group төрағасы, қытайлық миллиардер Чень Феннің сән-салтанатқа ақша жұмсауына тыйым салды.
Ол тыйым компанияның қарыздарына байланысты болып отыр екен. Енді кәсіпкер күнделікті өмірге және жұмысқа аса қажет емес заттарды сатып ала алмайды. Миллиардерге ұшақпен ұшуға да тыйым салынды, тек пойызбен жүре алады.
Сондай-ақ оған жылжымайтын мүлік сатып алуға, қымбат жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сәнді қонақ үйлерге кіруге, клубтарға баруға және сәнді кеңселерді жалға алуға тыйым салынғаны айтылады.