Байқоңырдан «Протон-М» зымыранын ұшыру 21 шілдеге белгіленді

Мемлекеттік комиссия Халықаралық ғарыш стансасына «Наука» жаңа зертханалық модулін ұшыру мерзімін белгіледі.

Алматы, NEGE. Байқоңыр ғарыш айлағының № 200 ұшыру алаңынан бортында «Наука» модулі бар «Протон-М» зымыран-тасығышының старты 2021 жылғы 21 шілдеде, жергілікті уақыт бойынша сағат 17:58-ге (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:58:21) белгіленген. Ұшырудың сондай-ақ резерв уақыты да аталды – бұл 22 және 23 шілде. Бастапқыда ұшыру 15 шілдеге белгіленген, алайда ұшар басындағы жұмыстардан кейін «Наука» модулі монтаждау-сынау корпусына қайтарылып, ұшыру бір аптаға кейін қалдырылды. Ресейлік БАҚ ақпаратынша, мамандар құрастыру кезінде жұлдыз сенсорларын экран-вакуумды жылу оқшаулағышпен жабуды ұмытып кеткен. Бұған дейін анықталған ескертулер жойылды.

Қазіргі кезде ғарыштық бас бөлік отын құю-бейтараптандыру стансасында орналасқан – бұл ұшырудың соңғы кезеңінің ең маңызды бөлігі. делінген Роскосмос таратқан баспасөз релизінде. «Наука» модулінің ХҒС-қа ұшуы 8 тәулікке созылады, «Звезда» қызметтік модуліне қосылуы 29 шілдеге белгіленген. «Наука» зертханалық модулін пайдалану бергеннен соң ХҒС-тың ресейлік сегменті қосымша жұмыс орны мен жүк сақтау, су мен оттегіні регенерациялайтын аппаратура орналасатын орынды иеленеді. Яғни ғарышкерлердің жағдайы жақсарып, жайлы болады, сондай-ақ ХҒС барлық экипажының қауіпсіздігі күшейеді.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады