Байқау: Қазақстан және қазақстандықтар

«Хабар» агенттігі «Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» деп аталатын үздік оқиғалар конкурсын жариялады

Алматы, NEGE. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, байқау барынша пайдалы әрі креативті.

«Ұйымдастырушылар қазақстандықтарға өмірлеріндегі маңызды орындар, оқиғалар, тағдырларына зор ықпал еткен адамдар тарихы жайында әңгілеп беруді ұсынады. Біз қандай қиын әрі қызықты дәуірді бастан кешіріп жатқанымызды ескерсек, көпшілігімізде сағынышпен еске алатын мұндай тарихтың бар екендігіне сенімдімін. Және де олар белгілі бір адам тағдырының өзгеруіне адамдар мен оқиғалардың қатысы жайында ғана еместігі анық», - деп жазды министр Facebook-парақшасында. 

Оның атап өтуінше, үздік танылған оқиғалар жаңа сериалдың эпизодына негіз болады. Ал 50 автор ақшалай сыйақы алады. 

Қазір оқып жатыр

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты