Байден Трамп бастамаларының күшін жойды

Джо Байден Дональд Трамп бастамаларын бірінен соң бірін алып тастап жатыр.

Алматы, NEGE. Бұл жолы АҚШ президенті денсаулық сақтау саласындағы екі бірдей жарлыққа қол қойды. Соның арқасында Байден ұлттық медициналық сақтандыру бағдарламасы қайтадан қолжетімді болатынын айтты. Негізі бұған дейін президенттігінің алғашқы күні ол АҚШ-тың климат бойынша Париж келісіміне оралуы туралы жарлыққа қол қойған еді. Америка былтыр қарашаның басында ресми түрде бұл келісімнен шығып кеткен болатын. Енді осы аптада Ақ үй басшысы көші-қонға қатысты жаңа ережелерді жария етеді деп күтілуде.

АҚШ президенті Джо Байден: "Мен жаңа заң қабылдап отырған жоқпын. Бар болғаны бұрынғыны қайтаруға тырысып жатырмын. Дональд Трамптың кезінде медициналық сақтандыру қымбат әрі қолжетімсіз бағдарламаға айналды", – деді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр