Байден мен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді

Ақ үй басшысы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы жағдайға алаңдаушылығын білдірген. АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы алғаш келіссөзін жүргізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы

.

Нұр-Сұлтан. NEGE. Сондай-ақ, олар коронавирусқа қарсы күрес, климаттың өзгеруі және қару-жарақтың таралуын тежеу сияқты мәселелерді талқылады.

«Қос көшбасшы COVID-19 пандемиясына қарсы тұру, денсаулық сақтау саласындағы тегеуріндер, климаттың өзгеруі және қару-жарақтың таралуын болдырмауға қатысты пікір алмасты», – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар Байден Гонконгтағы, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы және Тайваньдағы жағдайға алаңдаушылығын білдірген. Америкалық президент Қытай халқына ай күнтізбесі бойынша тойланатын жаңа жылға арналған құттықтауы мен ізгі тілектерін жолдады.

«Америкалықтарға тиімді болса, Қытаймен бірлесе жұмыс жасайтынымды оған айттым», – деп жазды Ақ үй басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды