Байден кімдерге сенім артады?
Алдын ала мәліметтер бойынша АҚШ президенті болып сайланған Джо Байден мемлекеттік хатшы постына өзінің 58 жастағы кеңесшісі Тони Блинкенді тағайындайды. Бұл туралы New York Times газеті жазды, – деп хабарлайды РИА Новости.
Алматы, NEGE. Бұған дейін Hill газеті Байденнің мемлекеттік хатшы қызметіне кімді тағайындайтынын хабарлап, бұл лауазымға Блинкен отыруы мүмкін екені жазылды.
ABC News телеарнасы және Блумберг агенттігі де Блинкеннің мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалатыны туралы ақпаратты жариялады. Сондай-ақ, агенттіктің мәліметінше, Хиллари Клинтонның бұрынғы көмекшілерінің бірі Джейк Салливан президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі болады.
БАҚ жаңа тағайындаулар туралы сейсенбі күні жарияланатынын хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, Байденнің көмекшісі Рон Клайн Ақ үйдің аппарат басшысы болып тағайындалуы мүмкін. Бұған дейін ол кабинеттің бірінші мүшелері туралы тағайындау сейсенбі күні жарияланатынын мәлімдеген.