Байден Ассанждың АҚШ-қа экстрадициялануын талап етті

Ақ үй WikiLeaks құрылтайшысы Джулиан Ассанждың Ұлыбританиядан АҚШ-қа экстрадициялануын талап етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы. NEGE.  Бұл туралы Американың әділет министрлігіне сілтеме жасай отырып, New York Times басылымы хабарлады. Оның мәліметі бойынша, осы аптада Ассанждың Құрама Штаттарға берілуіне қатысты Лондон сотына тиісті шағым жіберілген көрінеді. Айта кетейік, қаңтардың басында Вестминстер соты Ассанжды экстрадициялаудан бас тартқан еді. Оған сотталушының психикалық денсаулығына қатысты қауіп-күдіктер себеп болды. Егер Ассанж Америкаға берілсе, ол 175 жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Өйткені ол құпия құжаттарды заңсыз жариялады деп айыпталған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды