7 февраля 2020 г. 15:12

Бағлан Әбдіраймов: Бақытты боламын десең өткен шағыңды ұмыт

Фото:

Бағлан Әбдіраймов қандай жобаны қолға алды? Әнші нені насихаттап жүр? Өнер иесі неге алаңдаулы? Құмар ойынның құрсауында жүрген азаматтарға қандай септігі тиді? Бағланның ұйымдастырып жүрген ұтыс ойынын көпшілік неге лохатрон деп санайды? Жар таңдауда нені ескеру қажет?

Nege.kz студиясына арнайы келген «Жігіттер» квартетінің белді әншісі осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.

- Бағлан мырза, «Ақ пен қара» кітабыңыз жайлы тоқталып өтсеңіз. Оқырмандардың берген бағасы қандай?

- Біткен іске сыншы қашанда табылады. Десек те біздің күткен нәтижеміз, ниетіміз ойдағандай болып тұр. Өйткені он кісі алып оқитын болса, соның тоғызы жақсы пікір қалдырып жүр. Ең бірінші көңіл қуантатыны біз осы кітапты жазу барысында, өзімізден кейінгі іні, қарындастарымыз, бізден кейінгі өмір сүретін қаракөздеріміз адасып кетпесе екен, осы бір сырты жылтыраған дүниенің  ішіне кіріп, күйіп қалмаса екен деген ниетпен жаздық. Аллаға шүкір ниетімізге жетіп жатырмыз.

- Сұхбатыңыздың бірінде оқырмандарымнан дайректке хаттар келеді деп айтқан едіңіз. Құмар ойыннан шыға алмай жүрген жандар толассыз сұрақтардың жауабын кітаптан таба алды ма?

- Бәке менде букмекер ойнап жүр едім, қазір қойдым. Құлшылығымды үзіп қойып едім, қайтадан қалпына келді немесе басқа да көкейімде жүрген сұрақтар бар еді, соған жауап таптым деген сияқты көптеген жақсы пікірлер келіп жатыр. Жеке өз басымды алып қарайтын болсам, менің кітап жазуыма немесе бір азғантай берілген сынаққа төтеп беруіме, тығырықтан шығатын жол табуыма бірден-бір негізі ұстаздық еткен - кітап.

«Бағлан мен батып кеттім, жол таппай жүрмін», - деп айтатын азаматтар да бар.  Олармен кездесіп, ақылымды айтуға асығамын. Тура жолдан адасып жүрген жандардың көзі ашылып, жол тауып, рақмет Бәке деген кезде қуанамын. Ұлы миссиямызға жетуіміз үшін адамдардан алғыс алудың өзі жеткілікті.  

- «Ақ пен қара» оқырмандарға жол тартқан соң казиноның басшылары біздің ішкі кухнямызды көпшілікке жарияладың деп наразы болмады ма?

- Таяқтың екі ұшы бар. Бәлкім мен ол кісілерге жарнама жасап жатқан шығармын, бәлкім ол кісілер солай қабылдап жатқан шығар. Менде бұл кітапты жазар кезде сенім мықты болды. Ең бірінші Аллаға тәуекел еттім. Содан кейін тырнақалды туындыны жаздым. Сондықтан маған мың жерден қанша ғимараттардың егелері келіп, қысым көрсеткісі келсе де немесе жолымды тосқауыл жасағысы келсе де Алла қаламайынша олар маған зиян келтіре алмайды.  

- Неден ұттыңыз, неден ұтылдыңыз?

- Бақытты боламын десең өткен шағыңды ұмыт деп айта алады. Өткен іс өтті болды. Ол қалай болғанда да қайталанбайды. Өкіне бергеннен ол жерде ешқандай пайда көріп тұрған жоқпын. Мен қателігімнен шынымды айтсам өмірде үлкен сабақ алдым. Сабақ алу себебім, мен үш ұйықтасам түсіме кірмеген кітап жаздым. Сол жасаған қателігімнен өмірге деген құлшыныс, білімге деген құлшыныс пайда болды. Қателігімнен сабақ алмасам, сол дөңгелеген тасым сол жерде дөңгелеп, батпақта ойықтың ішінде қала беретін едім.  

- Инстаграм парақшаңызға жаңа жобаны жауапкершілігіме алдым деп жазыпсыз. Сіздің кітабыңызды сатып алған оқырмандар ұтыс ойынына қатысуға мүмкіндік алады екен. Баспана мен автөкөлік те қарастырылған. Қолға алған жобаңыз жайлы айтып өтсеңіз. Қолдау білдірген демеушілер кімдер?

- Бұл жерде демеушілер ең әуелі Алла, екінші оқырмандарым. Көпшілігі лотереямен шатастырып жатады. Біреулер лохатрон деп айтады. Айтса, айта берсің. Қазір оғанда үйреніп келе жатырмын. Бұрын әр айтқан пікірге қиналатын едім. Қазір аса мән бермейтін болдым. Енді осы тұсты пайдаланып айта кетейін, неге мен кітапты жәй ғана сата бермеймін? Өйткені қазіргі таңда интернет деген дамыған заман ғой. Инфобизнес деген сәнге айналды десек болады. Қазір онлайн сабақтың не екенін мен өзімнің аудиторияма түсіндіргім келіп жүр. Мысалы Қызылорда, Астана, түрлі-түрлі қалаларда менімен кездескісі келіп, «Ақ пен қара» төңірегінде әңгімелескісі келетін кісілер 30-40 мың теңгеге қаражат жұмсап, екі, үш күндік уақытын құртып келгенше, 5-ақ мың теңгеге үйде отырып телефонмен мағлұматтарды алып, тікелей сөйлесе алуға мүмкіндік бар.  Осыны біз инфобизнес яғни онлайн сабақ деп айтамыз. Енді бірінші кітап, екінші сол онлайн сабақ, үшінші семинар концертті көпшілікке ұсынғым келіп жүр. Одан кейін жиналған қаражаттың бір бөлігіне мұқтаж отбасыға баспана алсақ нұр үстіне нұр. Сондықтан кітаптан түскен қаражатқа көлік пен қатар баспананы ынталандыру ретінде  қойып отырмыз.

- Қазіргі таңда ұтыс ойындары жоғары сұранысқа ие. Көптеген өнер өкілдері қымбат көлік, телефон ойнатып жүр. Дегенмен, тегін дүние жоқ. Осы ұтыс ойындары лотереяның бір түрі ме? Әлде алаяқтық па?

- Енді басқаларын айта алмаймын...

(Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көріңіз)

 

Тегтер: