Бағлан Әбдірайымов Тұрсынбектің қызына қолдау көрсетуді сұрады
Бағлан Әбдірайымов Тұрсынбек Қабатовты қолдап шықты. Әнші қыз балаға моральдық тұрғыда қолдау көрсетейік дегенді айтты.
Алматы, NEGE. “Жығылғанға жұдырық” деп бекер айтпаған. Кешегі Аягүл Ментайдың өлімі, осы қазақтың пікірі ажал құштырды. Енді міне, Тұрсынбек Қабатовты жердан алып, жерге салып жатырмыз. Ақтамаймын, әрине! Аягүл секілді таға қаншама бәйшешегімізді солдырып алмауға кім кепіл? Мұнша пікірді бәйшешегіміз көтере ала ма? Психикасына әсер етсе емдей аламыз ба? Жанар қарындасымыз (әнші) осы пікірді көтере алмай кеткен жоқ па? Достар, кім қателеспейді?! Мектепке кіру үшін де, жұмысқа тұру үшін де, жол полициясына айыппұл жаздырмас үшін де, кезекке тұрмас үшін де, вакцина салдырмай, құжат сатып алу үшін де, бәріне, өзіміз ақша беріп жүрген жоқпыз ба? Әлде бәріміз періштеміз бе?”, – дейді Әбідрайымов.
Әнші күнделікті әр адам пара беріп, керегін өз пайдасына шешіп жүр деген пікірін айтты. Ал адамға зияны тимеу үшін орынсыз пікір жазушыларды да жауапқа тарту керек деген ойын айтты.
Біздің қоғам сондай ғой. Кез-келген затқа таныс іздейтініміз тағы бар. Осының бәрін көріп, шыдамаған кейбір жандар елден безіп кеткен жоқ па? Бәрі жаман қазақ. Жақсы қазақты кім береді. Олай кемшілікті асыра сілтеп жазудың қажеті жоқ. Жалпы заң керек. Кім жаман пікір жазады, салмағына қарай заң алдында жауап берсін. Тәртіп керек… Заң бәрімізге ортақ. Пара беруді өзімізден бастап тоқтатайық! Елдігімізді, бірлігімізді сақтайық! Сіздерден асқан бауыр, қазақ жерінен басқа жер жоқ! Қадірімізге жетейік! Менікі жай ой ғой”, – деп жазды әнші парақшасында.