Бағдат Мусин: Астана интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып озды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин тұрғындардың интернет сапасына қатысты шағымына жауап берді.

Алматы, NEGE. Бағдат Мусин халықтан шағым көп болғанымен, халықаралық рейтингіде Астананың көрсеткіші жақсара түскенін айтты. Айтуынша, Астана бұл жағынан дамыған Токионы да басып озған.

"Егер Speedtest халықаралық рейтингіне сүйенсек, Астана 35 позицияға көтерілді. Яғни біз отыз бес қаланы басып оздық. Біз қазір Токионы да басып оздық. Бұл рейтингті мен жасаған жоқпын ғой. Мен халықаралық рейтингке сүйенемін", - деді Мусин.