13 сентября 2022 г. 19:29
Бағдат Мусин: Алаяқтарға қазақша жауап беремін
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телефон алаяқтарымен қалай сөйлесетінін айтты.
Алматы, NEGE. Телефон алаяқтары министрге де қоңырау шалып үлгерген.
«Иә, маған да қоңырау шалған. Ондай қоңырауларға беретін жауабым қарапайым. Қоңырау түскен бойда қазақша жауап беремін, олар тұтқаны қоя салады», - деді Бағдат Мусин.