Бағдат Қожахметов: Коронавирустың болуы мүмкін жаңа толқынына дайынбыз

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов медицина жүйесі алдағы коронавирус індетінің таралуы мүмкін жаңа толқынына дайын екенін айтты.

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында коронавирус індеті таралуының жаңа толқынына дайындық денсаулық сақтау саласының дайындығы туралы сұрақ қойылды.

«Болуы мүмкін жаңа толқынға дайындық қызу жүріп жатыр. Осы орайда министерлер, әкімдер, Үкімет басшысы өңірлерді аралап жүр. Бұл ретте емханаларға, дәрігерлерге, көмек көрсету бригадаларына, дәрі-дәрмекке қатысты мәселелермен өңірлерге сапарға барып жатыр. Сондықтан медицина жүйесі болуы мүмкін коронавирустың жаңа толқынына дайын екенін атап өтемін», - деді ресми өкіл.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты