Бағдат Мусин «Қазақтелеком» компаниясының басшысы болып тағайындалды

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Компанияның бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев Мемлекет басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

«Бағдат Мусинге қордың ең маңызды активтерінің бірін басқаруда үлкен табыс тілеймін. Сондай-ақ, Қуанышбек Есекеевке еліміздің ең ірі телекоммуникациялық компаниясын 14 жылдан астам табысты басқарғаны үшін алғыс білдіремін. Қордың негізгі компанияларының бірі — „Қазақтелеком“ АҚ-ның дамуына бірінші басшысы ретінде қосқан үлесіңіз шексіз», — деп атап өтті қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?