5 июля 2023 г. 10:29

Бағдаршамның қызыл түсінде тұрып есірткі шеккен шымкенттік бейнежазбаға түсіп қалды

Фото:

Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген.

Алматы, NEGE. ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады.

Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады.

Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды.

ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.

24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тегтер: