Бағаны бақылайтын орган бекітілді

Осы уақытқа дейін Қазақстанда баға тұрақтылығына қай мемлекеттік орган жауапты деген сұрақтың жауабы табылмай келді.

Алматы, NEGE. Нарықтағы бағаны реттеуге, мониторинг жүргізуге мемлекеттік мекемелер қауқарсыз.

Себебі, тиісті механизм жоқ әрі құзірет шеңбері тар. Бұл мәселе Президент Жолдауында да көрініс тапты.

Үкімет отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев таяу арада осы мемлекеттік органға азық-түлік бағасын реттеу құқығы бекітілетінін айтты. Яғни, арнайы құзіретке ие болады.

Сосын тиісті функциясына сай өндірушіден тікелей тұтынушыға дейінгі өнім құнына жауапты болып, қымбаттауына жол бермейді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді