«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиленушілері жөндеу жұмыстары кезінде Алматыда оқуын жалғастырады
«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері өз Орталығы аумағында тұрып, Алматы қаласында білім алуын жалғастырады.
Алматы, NEGE.Қазіргі таңда Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері нысанды қаланың қарамағына беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Тәрбиеленушілерге заманауи әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында балалар үйінің ғимаратына кешенді қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, бұл техникалық зерттеу, жобалау-сметалық құжаттама дайындау, мемлекеттік сараптамадан өткізіп, тиісті конкурстық рәсімдерден өткеннен кейін ғана келесі жылы басталады. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде балаларды уақытша орналастыру мәселесі қауіпсіздік талаптары мен қажетті тұрмыс жағдайын ескеріле отырып шешіледі. Балалар бірінен бірі бөлінбейді.
Тәрбиеленушілер Алматы қаласындағы қазір өздері оқып жүрген мектепте білім алуын жалғастырады. Балалар үйінің ғимаратынан балаларды Қонаев қаласына көшіру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Балалардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету Алматы қаласы әкімдігінің және Оқу-ағарту министрлігінің басты назарында.
Балалардың оқуы мен тұрмыс жайы әрдайым жіті бақылауда болады.