БАӘ ғарыш аппараты Марсқа жетті

2021 жылғы 9 ақпанда

Біріккен Араб Әмірліктері ұшырған ғарыш аппараты Марс орбитасына шықты. Жеті ай бұрын Жапониядағы Танэгасима ғарыш айлағынан «қызыл ғаламшарға» бағыт алған «Үміт» (арабша «әл-Амаль», ағыл. Hope) аппараты 500 млн. шақырым жол жүрген.

Алматы. NEGE.  Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі Мадияр Меңілбеков хабарлады. Елшінің айтуынша, салмағы 1,3 тонна болатын зонд алты жылда құрастырылған. Жобаның құны – 200 млн. доллар. «Үміт» зонды Марстың атмосферасы мен климатын зерттеуге арналған.

Әмірліктердің билеушілері аталған оқиғаны бүкіл араб әлемінде бұрын-соңды болмаған үлкен ғылыми жетістік деп бағалап отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды