Бадамның балығы неге қырылған?

Түркістан облысында Бадам өзенінде балықтардың қырылуына байланысты Экология министрлігі түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. "2021 жылдың 8 наурызында Instagram әлеуметтік желісінде gappar_nomad/аңшылық балық аулау парағында) Бадам өзенінде маринка балығының өлгені туралы ақпарат жарияланды. Сол күні Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімі (бұдан әрі – Инспекция) Шымкент қаласының экология департаменті, табиғатты қорғау полициясы және ветеринарлық қызмет өкілдерімен бірлесіп, жергілікті жерге барды. Экология, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің және ветеринарлық қызметтің қызметкерлері зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен балықтан сынама алды", делінген құзырлы ведомства хабарламасында.

Айта кету керек, өзеннің кейбір учаскелерінде судың түсі бұлтты ақтан бұлтты қоңырға дейін өзгерген. "Балық шаруашылығы ҒӨО" ЖШС Арал филиалының алдын ала қорытындысына сәйкес, маринканың өліміне жаңбыр және тасқын суларының ағуынан судың сапасы мен температурасының өзгеруі себеп болған, бұл өз кезегінде балықтардың тіршілік әрекетіне әсер етеді.

Министрліктің айтуынша, балықтардың қырылуының нақты себебі зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады.

2021 жылдың 8 наурыз күні сағат 20:00-дегі жағдай бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының цемент зауыты ауданында инспекция қызметкерлері 20 келі маринка балығын жинады. Өлі балықтарды жинау жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды

ВТБ Қазақстандағы еншілес банкінен 45,19 млрд теңге дивиденд алады

Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерді босату операциясы басталғанын мәлімдеді