19 января 2026 г. 12:55

Бабақұмаровтың соты неге шегерілгені белгілі болды

Фото: Gov.kz

Алматының бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы кейінге қалдырылды. 

Астана, NEGE. Алдын ала тыңдау бастапқыда 19 қаңтарға белгіленген. Алайда жәбірленуші тарап өкілдерінің басқа сот процесіне қатысуына байланысты отырысты кейінге қалдыру туралы өтініш білдірген.

«Осыған орай сот отырысын 2026 жылғы 22 қаңтарға сағат 10:00-ге қайта белгілеу қажет деп санаймын», – делінген судья Айжан Құлбаева шығарған қаулыда.

Еске сала кетейік, Ержан Бабақұмаров өткен жылдың қазан айында кісі қолынан қаза тапқан. Полиция таратқан алдын ала мәліметке сәйкес, Бабақұмаров пен оның танысының арасында өзара сөзге келіспеушілік туындап, жанжал төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 56 жастағы экс-шенеунік алған жарақаттарынан көз жұмған.