26 января 2026 г. 9:59

Бабақұмаровтың қазасына қатысты іс: сот жабық режимде қаралады

Фото: gov.kz

Алматының бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қылмыстық іс жабық режимде қаралады.

Астана, NEGE. Cот процесіне журналистер қатыстырылмайды.

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Соттың хабарлауынша, істі жабық форматта қарау туралы өтінішті екі тарап та ұсынған.

Еске сала кетейік, Ержан Бабақұмаров өткен жылдың қазан айында кісі қолынан қаза тапқан. Полицияның алдын ала болжамына сәйкес, Бабақұмаров пен оның танысының арасында өзара сөзге келіспеушілік туындап, жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 56 жастағы экс-шенеунік алған жарақаттарынан көз жұмған.