БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды», - деп жауап берді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін оның жұбайы Карина Мамаш әлеуметтік желіде елші күйеуінің өзін 10 жыл бойы ұрып-соққанын айтқан болатын.