Бірлескен жерде береке бар

Бүгін Әл-Фараби ауданында сенбілік жұмыстары ерекше көңіл-күймен басталды.

Шымкент, NEGE. Ең алдымен аудан әкімі Рашид Мыңбаев Конституция күніне орай ең белсенді қала еріктілерін алғыс хатпен марапаттады.

Марапаттау рәсімінен соң, Әл-Фараби ауданының қызметкерлері және 200-ге жуық еріктілер 9 топқа бөлініп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аудан әкімі барша тұрғындарды тазалық жұмыстарын бірлесе атқаруға шақырып, бірлескен жерде береке барын айтты.

Сенбілік барысында Терешкова, Быковский көшелерінің 14 ауласы қоқыстан тазартылды. Ауладағы балаларға арналған ойын элементтері және орындықтар сырланды. Қураған, сынған ағаштар кесіліп, тал түптері әктелді.

Аталған тазалық шарасына 17 арнайы техника жұмылдырылды.

Осылайша сенбілікке жиналған азаматтар тазалау жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді