1 февраля 2021 г. 15:06

AZ-мен жүру де оңай емес: Ерке Есмахан жас жігітпен кездесіп жүргенін мойындады

Фото:

Ерке Есмахан Ninety One экс-мүшесімен Азамат Зенкаевпен кездесіп жүргенін мойындады. Әнші алғаш рет Азамат Зенкаевпен ара қатынасына қатысты пікір білдірді. 

Алматы, NEGE. Ерке Есмахан ел көкейінде жүрген сұраққа Instagram парақшасында жауап берген. Ол жеке өміріне қатысты тарап жатқан қауесеттерге нүкте қойып, өз шындығымен бөлісті. Әнші атышулы "Ninety One" тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевпен қарым-қатынасы жайлы айтып берді.

"Ерке Есмахан болу да оңай емес. AZ-мен жүру де оңай емес, бір қарағанда" , - деп қысқа да нұсқа да жауап берді шоу-бизнес жұлдызы.

Өнер иесінің бұл жазбасы бірден желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, сансыз пікірлерге ие болды. 

Бұған дейін БАҚ бетінде Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев көңіл қосты деген ақпарат тарады. Желі қолданушылары екі әншінің бірге жүрген  сәттерінің суреттерін жариялап жатты. Алайда Зенкаев та, Ерке де ара қатынасы жайлы мойындаған да, теріске шығарған да емес. 

Тегтер: