Әзілкеш Нұрлан Сабуров Шереметьево әуежайында ұсталды

Ол Ресейден шығарылуы мүмкін.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сабуров бүгін күндіз ұсталған. Оған көші-қон есебіне тұру мерзімдеріне байланысты көші-қон заңнамасын бұзды деген айып тағылып отыр.

Нұрлан Сабуровқа Ресей Федерациясынан кетіп, көші-қон заңнамасына сай талаптарды сақтап, Ресейге қайта кіру үшін екі апта уақыт берілді. Егер әртіс бұл талапты орындамаса — ол елден шығарылып, 5 жылға дейін Ресейге кіруге тыйым салынады.

Кеше Сабуров Ресейдің Самара қаласында өнер көрсеткен, бүгін Мәскеуге оралған.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?