Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

«Спарта» КВН командасының капитаны, актер әрі әзілкеш Данияр Жұмәділов мемлекеттік наградаға ие болды.

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Астана, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген «Ерен еңбегі үшін» медалін оған мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев табыстады.

Жұмәділов қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісіп, өнердегі 25 жылдық еңбегінің бағаланғанына ризашылығын білдірді.

«Бұл марапат – тек менің ғана емес, бірге еңбек еткен әріптестерімнің, өнер жолында маған қолдау білдірген жандардың да ортақ жетістігі», – деп жазды әзілкеш.

Ол сондай-ақ Президентке алғыс айтып, шетел сахналарында қазақ өнерін танытуға қосқан үлесінің еленгенін үлкен мәртебе деп бағалады.