Азия ойындарына Қазақстаннан 524 атлет қатысады
23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындары өтеді.
Алматы, NEGE. Ойынның ашылу рәсімі 23 қыркүйекте Олимпиада спорт орталығы стадионында өтеді.
Қазақстан Ханчжоу қаласына 30 спорт түрінен 524 атлет (262 ер, 262 әйел) апарады.
Оның ішінде Олимпиада бағдарламасына кіретіні 27, қалған үшеуі - олимпиадалық емес спорт түрі.
Сонымен қатар, алдағы додада спорттың 8 түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис пен жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасына лицензия ойнатылады
Сондай-ақ спорттың 4 түрінен: таеквондо, дзюдо, триатлон, бадминтоннан рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.