Азия чемпионатында отандық спортшылар озық шықты

Алматыда каратэден І Азия ашық чемпионаты мәрсіне жетті. Еліміздің спортшылары  8 алтын, 8 күміс, 14 қола медаль олжалап, жалпы командалық есепте топ бастады, деп хабарла

ды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Алматы, NEGE. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған құрлықтың ашық чемпионатында  Иран  құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен екінші сатыға тұрақтады. Үштікті 2 алтын жүлде алған Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшылары түйіндеді.

Азияның ашық  чемпионатына Германия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктерінен 140-қа жуық спортшы қатысты.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр