Азия чемпионатына қатысқан команданың бір бөлігі оралды

Бокстан 2021 жылғы Азия чемпионатына қатысқан команданың бір бөлігі Алматы қаласының халықаралық әуежайына оралды.

Алматы, NEGE. Жеңімпаздар мен жаттықтырушыларды ата-аналары, достары, Алматы қаласының бокс федерациясы, жергілікті спорт және дене шынықтыру басқармасы және басқалары қарсы алды. Оңтүстік астанаға ұшып келгендердің арасында жаңа чемпиондар – Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Фариза Шолтай, күміс жүлдегерлер Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев болды. Естеріңізге сала кетейін, Азия чемпионатында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан құрамалары медальдік есепте жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды.

Дубай қаласында біздің спортшылар 8 алтын, 6 күміс және екі қола медаль иеленді. Команданың басым бөлігі 3 маусымда Қазақстанға оралады. Ерлер құрамасы 3 маусым күні таңғы 7.55-те Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келді. Әйелдер құрамасы кешкі рейспен сағат 21.20-да келеді.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды