Азия чемпионаты: Ернұр Фидахметов қола алды

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Ернұр Фидахметов қола жүлдегер атанды.

Алматы,  NEGE. Ол жұбаныш белдесуінде қазақстандық моңғолиялық Балжинням Цэвэнравданды тізе бүктірді.

Сондай-ақ, бүгін жұбаныш белдесуінде ел құрамасынан Санжар Серікхан жапониялық Такахиро Сурудамен шеберлік байқасады.

Ел құрамасынан Мейіржан Шермахамбет (67 келі), Абылайхан Әмзеев (72 келі) және Диас Қален (82 келі) бүгінде финалда белдеседі.