Азия Пара ойындарында тағы екі қазақстандық дзюдошы чемпион атанды
Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшылар Зарина Райфова мен Жұрқамырза Шүкірбеков ел қоржынына тағы екі алтын медаль салды.
Астана, NEGE. Зарина Райфова пара дзюдодан J2 санатында 70 кг салмақ дәрежесінде айналмалы жүйе бойынша жарыста чемпион атанды.
Іріктеу кезеңінде қазақстандық дзюдошы қытайлық Ванг Пингті, үндістандық Димпл және Өзбекстан спортшысы Махинур Пармонова мен Хабиба Джураеваны иппонмен жеңді.
Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 санатында 95 кг cалмақ дәрежесінде ирандық Кхеироллахзаден Варзи Мохаммад Резаны жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Айта кетейік, V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы жарыстың алғашқы үш күнінде 10 алтын медаль жеңіп алып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Қазіргі уақытта ұлттық құраманың қоржынында 32 медаль бар. Оның 10-ы алтын, 10-ы күміс және 12-сі қола.