Азия ойындары-2025: Қазақстан ерлер құрамасы керлингтен екінші жеңісіне қол жеткізді

Бүгін Харбиндегі қысқы Азия ойындарында кёрлингтен ерлер Ұлттық құрамасы А тобында Қырғызстаннан басым түсті. Есеп: 6-3.

ҰОК

Алматы, NEGE. Харбинде (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы керлингтен төртінші матчын өткізді.

12 ақпан күні қазақстандық спортшылар Қырғызстан құрамасымен кездесті. Кездесу толық жеті эндке созылды. Нәтижесінде ұлттық құрама 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Қазақстан құрамасының еншісінде екі жеңіс, екі жеңіліс бар.

Біздің команданың құрамы: Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Арман Ирджанов (Ермек Мұсайынов резервте).

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын жұмысқа алды

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады