24 мая 2025 г. 15:16
Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 41 алтын жеңіп алды
10-24 мамыр аралығында Коломбода (Шри-Ланка) өткен U22 Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы барлық салмақта 50 спортшыны апарып, 48 жүлдені еншіледі.
Алматы, NEGE. U22 Азия чемпионаты бойынша ТОП-3 мемлекет:
1. Қазақстан - 41 алтын, 6 күміс, 1 қола
2. Тәжікстан - 3 алтын, 4 күміс, 6 қола
3. Қырғызстан -3 алтын, 10 күміс, 10 қола
2 аптаға жалғасқан бәсекеде 23 елдің спортшылары жүлдеге таласты.