Азық-түлік жыл басынан бері қаншаға қымбаттады?

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы жыл басынан бері 4,2 пайызға өсті. Бұл туралы онлайн-брифингте сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті директорының орынбасары Ерлан Ешназаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE.  "Министрлік әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың бағасына мониторинг жүргізеді. Жыл басынан бері бағалар 4,2 пайызға өсті. Бұл 1 қазандағы дерек.

Бірақ мамырдан қыркүйекке дейін бағалар біртіндеп төмендей бастады, осылайша мамырда өсім 0,1 пайызды көрсетсе, маусым мен шілдеде ол мүлдем болмады.

Тамызда бағалар 0,3 пайызға, қыркүйекте 0,4 пайызға төмендеді. Жалпы төмендеу - 1,3 пайыз", - деді Ешназаров.

Министрлік бағаларды реттеу үшін арнайы тұрақтандыру қорларын іске қосқан. Қазір Қазақстандағы 25 мың тонна азық-түлік қорларда қалыптасқан екен.

"Төтенше жағдай кезінде баға көтерілді. Бұл көкөністер мен жемістердің бағасы көтерілген маусымға сәйкес келіп қалды. Наурыздың ортасынан сәуірдің соңына дейін бір жарым айда бағалар шамамен екі пайызға өсті. Яғни, жалпы өсімнің шамамен 90 пайызы елдегі ТЖ кезінде болды. Бірақ мамырдан бастап азық-түлік бағалары тұрақтана бастады", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған