«Азық-түлік қауіпсіздігі басым бағыт болып қала береді» – Президент

Президент Қ.Тоқаев саммитте азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты айтты.

 

Алматы, NEGE. «Қазақстан Араб елдеріне ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттау көлемін ұлғайтуға мүдделі. Сондай-ақ, оның құрылымын әртараптандыруға ниетті.

Еліміз – әлемде бидай мен ұн өндіретін ең ірі он мемлекеттің бірі. Араб әріптестеріміздің «органик» және «халал» өнімдерін өндіру, өңдеу және сертификаттау тәжірибесі мен мүмкіндігі мол. Сондықтан оларға сұраныс жоғары. Осы орайда стандарттарды, техникалық реттеу және сертификаттау жүйесін үйлестіру маңызды.

Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет деп санаймыз. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының әлеуетін пайдаланып, бұл міндеттерді тиімді іске асыра аламыз», – деді президент Қ.Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін