Азық-түлік дүкендерін уақытша жапты

Тәжікстан астанасының билігі қаладағы азық-түлік базарларын 12 күнге жапты.

Алматы, NEGE. Астана әкімдігінің шағын хабарламасында мұндай шара коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында қабылданғаны айтылған. 10 мамырға дейін азық-түлік базарларының басшылығы базар аумағын дезинфекциялауы тиіс.

"Базар 11 мамырда ашылады. Біз санитарлық тазалық шараларын бұған дейін де сақтап келгенбіз, енді базардың бүкіл аумағын дезинфекциялауға мүмкіндік туды", - деді "Корвон" базарының директоры Халима Файзиева. Душанбедегі ең үлкен базарда 3 мыңнан астам кәсіпкер жұмыс істейді.

Тәжікстан билігі елде коронавирус індетін ешкім жұқтырған жоқ деп отыр, бірақ бірнеше күн бұрын эпидемиямен күрес басталғанын жариялаған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?